Losk

LOSK ЖСҚ

Дұрыс мөлшер: неғұрлым көбірек болса, солғұрлым жақсы ма?

Егер кір жуғыш құралдың дұрыс мөлшері таңдалса, кір керемет жуылады. Кір жуғыш құралды тым көп қолдану оның пәрменділігін арттырмайды. Екінші жағынан кір жуғыш құралды тым аз салу дақтарды кетіру тұрғысынан қалаған нәтижені бермейді.
LOSK құралының әр қаптамасында дұрыс мөлшерлеу туралы ұсыныстамалар беріледі.
Мөлшерді таңдаудың үш жайтқа байланысты болатынын есте ұстаңыз:

  • жуылатын кірдің мөлшері
  • жуылатын бұйымдардың ластану дәрежесі
  • судың кермектігі.

Оңтайлы мөлшерді қалай таңдау керек? Біздің Мөлшер есептегішті пайдаланып, кір жуғыш құралдың оңтайлы көлемін айқындаңыз.

Кірді қалай сұрыптау керек?

  1. Әуелі жуылатын бұйымдардың затбелгілеріндегі ақпаратты мұқият оқыңыз. Ол кірді температура мен мата бойынша сұрыптауға мүмкіндік береді.
  2. Сәл ластанған және қатты ластанған бұйымдарды кір жуғыш машинаға бірге салуға болмайды. Қатты ластанған бұйымдар үшін кір жуғыш құралдың көбірек мөлшері және жоғарырақ температура қажет, ал сәл ластанған бұйымдарды суық суға жууға болады.
    Қатты ластанған бұйымдарды мүмкіндігінше тезірек жуу керек. Дақ кетіруді жеңілдету үшін ластанған заттарды ұзақ уақыт сақтамаңыз.
  3. Ашық түсті киім мен қошқыл түсті киімді бөлек жуыңыз, ал бірдей жуу температурасын талап ететін түсі бірдей бұйымдарды бірге жуыңыз.
  4. Кір жуу кезінде жаңа бұйымдардың бояуы шығып, басқа киімдегі басқа бұйымдарға дақ түсіруі мүмкін. Егер матаның бояуының берік екеніне сенімді болмасаңыз, оны 40°C градустан аспайтын температурада бөлек жуған жөн.
  5. Кір жуғыш машинаға кірді тым аз немесе тым көп салудан сақ болыңыз! Жуылатын кірді таңдалған кір жуу бағдарламасына сәйкес қажетті көлемде салыңыз (толығырақ ақпаратты кір жуғыш машинаның пайдалану нұсқаулығынан табуға болады).
  6. Затбелгіде бұйымды бөлек жуу керек деген нүсқау болса, оны әрқашан да орындаңыз.

Кір жуғыш машинаға кірді қалай дұрыс салу керек?

Кірді дұрыс салу үшін оның кейбір түрлерінің құрғақ салмағын білуіңіз керек. Бұл ақпарат кір жуғыш машинаның техникалық сипаттамасында жазылған. Жуылатын кірді арнайы дайындалған ерітіндіде жібітіп алу қажет. Ерітіндінің температурасы 40 градустан аспауға тиіс, ал ондағы кір жуғыш құралдың мөлшері қалыпты кір жуу кезіндегі көлемнің жартысын құрауға тиіс.
Жуылатын кірді машинаға қалай болса солай салуға болмайды, әйтпесе ол бұратылып, үлкен жентек болып қалуы мүмкін. Бұның салдары жағымсыз болып, соның ішінде кір жуғыш машинаның бұзылуына әкелуі мүмкін, себебі барабанның үлкен жентекті айналдыруға шамасы келмеуі ықтимал. Үлкен бұйымдар мен шағын бұйымдарды кезектестіріп салу керек. Шамадан тыс мөлшерде кір жуғыш құралды пайдалануға болмайды, себебі ол тек жуу сапасын нашарлатып, киім мен кір жуғыш машинаны бүлдіреді. Кір жуғыш машинаның ішінде құрамында хлор бар ағартқыштарды пайдалануға болмайды, себебі олар кір жуғыш машинаның бөлшектерін бүлдіреді. Жуған кезде киім-кешектің түймесі үзіліп қалмас үшін әуелі олардың түймесін салып, ішін сыртына айналдыру қажет.

Жуғаннан кейін не істеу керек?

Киім-кешек жуылғаннан кейін оны шаю қажет. Қолмен жуған кезде синтетика талшықтан не жібектен тігілген бұйымдарды бұрап сығуға болмайды. Оларды сәл ғана сыққан (суын шығарған) жеткілікті. Кір жуғыш құралдың қалдығы толық еріп кетуі үшін мақта мен зығыр матадан тігілген бұйымдарды әуелі жұмсартылған ыстық суға шайып, содан кейін жылы суға екі рет, ал ең соңында суық суға бір рет шаю керек. Жүннен тоқылған бұйымдарды тек жылы суға шаю қажет. Жүннен тоқылған бұйымдарды шайған кезде судың температурасы 40 градастан аспауға тиіс. Суды кетірген кезде жүннен тоқылған бұйымдарды бұрап сығуға болмайды, тек сәл қысу керек.

Егер автоматты кір жуғыш машина пайдаланылса, жуылған кірдің қыртыстануына және ылғалдан жағымсыз иістің пайда болуына жол бермес үшін жуып болғаннан кейін кірді барабаннан дереу алып, кептіруді ұсынамыз. Бұл сондай-ақ жуылған кірді үтіктеуді жеңілдетеді.

Кірді кептіру мен үтіктеу бойынша кеңес

Үтіктегенді жақсы көретін адам кемде-кем...
Осы қиын жұмысты мүмкіндігінше жеңілдетуге көмектесетін бірнеше кеңесті осы нұсқаулықтан таба аласыз.

 

  • Кір жуған кезде мата жұмсартқышты пайдалану киімді үтіктеуді жеңілдетеді.
  • Кейбір бұйымдарды кептіргеннен кейін үтіктеместен-ақ мұқият бүктеп қоюға немесе киім ілгішке іліп қоюға болады.
  • Киімнің затбелгісіндегі нұсқауларды мұқият оқыңыз да, орындаңыз. Біздің Кір жуу нұсқаушысы затбелгілердегі кір жуу таңбаларының мағынасын түсінуге көмектеседі.
  • Үтіктеу кезінде үтіктің параметрлерін сирек ауыстыру үшін жуылған кірді табиғи және синтетикалық маталар бойынша бөліңіз.
  • Температура параметрлерін ауыстырған кезде, үтік қажетті температураға дейін қызғанша немесе салқындағанша күтіңіз
  • Егер үтіктеу кезінде кепкен киімге су бүрку керек болса, бүріккішті (пульверизатор) пайдаланыңыз.
  • Жаңа ғана үтіктелген бұйымдарды, соның ішінде төсек жайманы шкафқа дереу салуға болмайды, себебі бұл олардың дереу қыртыстанып, пішінін жоғалтуына әкелуі мүмкін. Үтіктегеннен кейін бұйымдардың сууына мүмкіндік беру қажет.
  • Табиғи немесе ацетатты жібектен тігілген бұйымдар әрқашан теріс жағынан және аса ыстық емес үтікпен үтіктелуге тиіс. Сыртқы жағынан үтіктелуі қажет жібек бөліктер жұқа (талшық) қағаз арқылы, астына дымқыл шүберек төселіп үтіктеледі.
  • Жібек маталарды мүлде үтіктемесе тіпті жақсы. Жартылай дымқыл бұйымды дұрыс бағытта созғылап, дұрыс пішінге келтірсе жеткілікті.
    Егер жібек матаны бәрібір үтіктеу қажет болса, оны теріс жағынан немесе шүберек төсеу арқылы, аса ыстық емес үтікпен үтіктеу қажет. Шамадан тыс үтіктемеген дұрыс: яғни, үтіктеу үшін төселген шүберек әбден кеуіп кеткенше сол жерді үтіктей беруге болмайды.
  • Тек таза киім-кешекті ғана үтіктеген жөн, себебі ыстық үтік тіпті бұрын сәл ғана байқалған дақтардың өзін анық көрінетін етеді.

Бояуды сақтау және кір жуу таңбалары

Ақ және түсті маталардан дақты жақсырақ кетіру үшін кір жуғыш құралдарға қосылатын тотықтандыратын ағартқыштарға киім-кешек осал келуі мүмкін. Киімді жуған кезде олардың түсі оңып кетпес үшін затбелгідегі ақпаратты жақсылап оқыңыз. Ағартуға осал бұйымдардың затбелгілерінде әдетте “Ағартуға болмайды” деп көрсетіледі. Егер күмәніңіз болса, кір жууға кірісерден бұрын қарапайым сынақ жүргізіңіз:

  • Киімнің қайырылған жиегінің немесе ішкі жағындағы тігісінің кішкене жерін сулаңыз.
  • Ақ матаның немесе сулықтың үстіне салып үтіктеңіз.

Егер ақ матада бояу дақтары пайда болса, демек, сіздің киіміңіз дақ түсуіне бейім матадан жасалған. Мұндай киімді бөлек жуу керек.
Түстерді айқын әрі жарқын күйде сақтау үшін боялған заттарды жууға LOSK Color ұнтағын немесе гелін пайдаланыңыз.

Мата жұмсартқыш керек пе?

Біз кір жуғаннан кейін матаның икемсіз болып қақиып қалатынын жиі байқаймыз. Бұған бірнеше жайт себеп болуы мүмкін: кір жуғыш машинаның механикалық әсері, кермек су, қазіргі заманғы кір жуғыш құралдар. Тағы бір проблема синтетика маталарда түзілетін электр зарядтары болып таьылады – мата денеге жабысып, шаңның тозаңдарын тартып алады.
Мата жұмсартқышпен немесе онсыз жуылған маталардың арасындағы айырмашылықты байқаңыз. Мата жұмсартқышпен жуға кезде:

  • талшықтар тегістеліп, мата жұмсара түседі;
  • жуылған кірді үтіктеу оңайырақ болады;
  • киім-кешек статикалық түрде азырақ

зарядталады және шаңды азырақ тартады
Мата жұмсартқышсыз жуған кезде талшықтар шатысады, яғни бұл бұйымдардың тезірек тозатынын білдіреді.
Henkel компаниясы Vernel мата жұмсартқыштарын пайдалануды ұсынады

Қан дақтарын ас содасымен қалай кетіруге болады?

Қанның дақтарын кетіру өте қиын болуы мүмкін. Алайда, ондай дақтарды кетіруге көмектесе алатын бір айла бар.

  1. Қан дағын суық сумен сулаңыз. Үлкен дақтарды тегенеге немесе раковинаға салу керек.
  2. Дақты мүмкіндігінше тезірек суық сумен және оны қолмен ысқылау арқылы кетіруге тырысыңыз. Сонда дақтың көбісі кетеді.
  3. Жылы суды пайдалануға болмайды. Жылы су дақтың матаға тереңнен сіңуіне жағдай жасайды, себебі қан дақтарының негізі нәруыздан тұрады да, ыстық су оларды кетіру мүмкіндігін мүлде дерлік жояды.
  4. Ас содасын дақ түскен жерге себіңіз де, 30 минут қалдырыңыз.
  5. Дақ бозара бастағаннан кейін киімді әдеттегідей жууға болады. Егер дақ толық кеткен жоқ деп ойласаңыз, ас содасымен осыны тағы қайталауға немесе кір жуардан бұрын дақ кетіретін өнімді пайдалануға болады.